Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік
Фото: istockphoto.com

Орал қаласы әкімінің орынбасарына бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 648 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының талдауы нәтижесінде жергілікті атқарушы органның бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғаны анықталған.

"Орал қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобалау ұйымдарымен жобалау-сметалық құжаттаманы өтеусіз негізде әзірлеу туралы меморандум жасап, кейін аталған жобаларды бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұласқан бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол берілгені анықталды", - делінген ақпаратта.

Заң бұзушылықтарға жол берген Орал қаласы әкімінің орынбасарына әкімшілік кодекстің 163-бабының 1-бөлігімен 648 мың теңге айыппұл салынған. Айыппұл толық көлемде өндірілді.

Прокуратура бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу жауапкершілікке әкеп соқтыратынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық шенеуніктердің желідегі жазбаларына қатысты ескерту жасалғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2026 23:02