Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығынан келушілер шұғыл эвакуацияланды: Не жағдай болды
Алматыдағы Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскеннен кейін келушілер эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2 қараша күні әлеуметтік желілерде сауда орталығынан адамдардың эвакуацияланып жатқаны түсірілген видеолар тарады. Threads желісінің қолданушылары Dostyk Plaza-ға келушілерді кіргізбей жатқанын жазды.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына полиция қызметкерлері мен кинологтар барған.

Сауда орталығының әкімшілігі де жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
"Құрметті қонақтар! Түскен ақпаратқа байланысты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Dostyk Plaza-да қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Осыған орай сауда орталығына кіру мен көлікпен келуге уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. Сабыр сақтап, сауда орталығы қызметкерлерінің нұсқауларын орындауларыңызды сұраймыз", – делінген әкімшілік хабарламасында.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2 қарашада полицияға Dostyk Plaza сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жетті. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы туралы ақпарат расталмады. Қауіп дабылы тоқтатылды", – деп хабарлады полиция.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазҰУ-да студенттер мен оқытушылар күдік тудырған сөмкеге байланысты эвакуацияланғаны туралы жазған едік.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді