Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мөлдір Мұқанова 11 миллион теңгелік алқасын көрсетті

Мөлдір Мұқан
Фото: Instagram.com/gulaiymassanova

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова 11 миллион теңгеге сатып алған алқасын көрсетіп, ел назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсер әшекейдің бағасын жасырмай, оны жақында ғана сатып алғанын жеткізді. Айтуынша, бұл – оның алғашқы гауһар тасты алқасы.

“Өз-өзіме сыйлық жасадым. Бұл – менің алғашқы бриллиантым. Өзімнің алқам. Жақында ғана алдым. Жап-жаңа. Бүгін екінші рет тағып тұрмын”, – деді продюсер.

Алайда 11 миллион теңгелік әшекейімен мақтанған Мөлдір Мұқанова өзінің банктерге де берешегі бар екенін айтып қалды. Оның сөзінше, қазір 8 миллион теңге несиесі бар.

“Мұнша қарызымның барын жасырмаймын. Онда тұрған не бар? Еш уайымдамаңыздар, әр қазақтың басында кредит бар”, – деп күлді ол.

Желі қолданушыларының бірі продюсерге қолдау білдірсе, енді бірі қарызы бола тұра қымбат әшекей сатып алғанына таңғалды.

“Жарқырай беріңіз!”, “Өзіңізге сыйлық жасағаныңыз қандай жақсы!”, “Тұрсынбектің неге алды-артына қарамай қашқаны түсінікті болды”, – деп жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова балаларына арнап дүбірлі той жасағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2026 16:20