Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы үш күнде Қазақстанда қалың қар жауып, күн суытады

табиғат
Фото: ngs24.ru

Алдағы үш күнде Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауып, күн суытады. Сонымен қатар көктайғақ болып, тұман түсуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Қазгидромет” 3, 4 және 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, антициклонның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

Ал 4-5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты Қазақстанның батысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде жаңбыр қатты жаууы мүмкін. 3 қарашада атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста, негізінен қар түрінде, жауын-шашын түсіп, кей уақытта ол күшейеді. Сонымен қатар көктайғақ болады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +13...+21°C-тан +6...+19°C-қа дейін төмендейді. Ал оңтүстік-шығыста +13...+18°C-тан +10...+15°C-қа дейін салқындайды.

Елдің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Айта кетейік, бұған дейін Синоптиктер еліміз бойынша қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялағаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2026 15:21