Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бала-шағаның несібесі": Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы мен балалары темір тұлпарлы болды

Мөлдір Мұқанова балаларымен
Фото: instagram.com/moldir.mt

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, әнші Мөлдір Мұқанова жаңа көлік алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі отбасылық қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көлікті бес баласының несібесіне балаған. Оның айтуынша, балалары бүгінде өзіне түрлі істе қолғабыс болып, әрдайым жанынан табылады.

“Бала-шағаның несібесі… Бір кездері өзіме модель, актер, актриса, стилист, көмекші, ақылшы – бәрін туып алғаныма әуелі Аллама, сосын өзіме ризамын! Осы 5 баламның бағы шығар, көлікті болдық. Құдай берем десе, бір-ақ күн жетеді екен. Енді улап-шулап, бесеуін салып алып, жақсы жерлерге барамыз!” – деп жазған ол.

Еске салайық, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова қыздарының соңғы қоңырауында бірге бой көрсеткені хабарланған еді. Өнер иелерінің ортаншы қыздары Айым мектеп бітіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты сәттің кадрларын бөлісті. Видеодан бұрынғы ерлі-зайыпты перзенттері үшін маңызды күнде бірге жүргенін көруге болады.

Сондай-ақ Мөлдір Мұқанованың өзі де парақшасында қызымен түскен әсерлі суреттерді жариялады.

“Менің әлемім, әлемге ашық, өмірге ғашық Айымым мектеп бітірді”, – деп жазды ол.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 08 Маусым, 2026 14:50