Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

K26: Қазақстан бизнесі ЖИ дәуіріндегі жаңа серпіліске дайын ба

оооооо
Фото: Stan.kz

16 қыркүйектегі Kazakhstan Growth Forum'26 (K26) форумының басты түйіні жасанды интеллект бойынша жүргізіліп жатқан сынақтар мен оның экономикадағы шынайы нәтижесі арасындағы қайшылықты көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

The Ritz-Carlton Almaty-ға жиналған 400-ден астам тәжірибелі бизнесмен, жаһандық сарапшы және ықпалды топ-менеджер алдымен сананы өзгертіп, артынша іс жүзінде серпіліс жасауды көздеді.

Атқарылар жұмыстың ауқымы шынымен де әлемдік деңгейде. K26 іс-шарасында Gartner сарапшысы Аруп Ройдың айтуынша, 2025 жылы жасанды интеллектіге салынған жаһандық инвестиция көлемі 1,8 триллион долларға жеткен (бұл Австралияның ішкі жалпы өнімімен шамалас). Ал 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 4,7 триллион долларға жетеді деп күтіліп отыр. Дегенмен, компания басшыларының 80 пайызы жасанды интеллект өзі жұмыс істейтін саланы түбегейлі өзгертетінін түсінгенімен, олардың тек 29 пайызы ғана өз ұжымын бәсекелестікке толық дайын деп есептейді.

"Егер жасанды интеллект бүкіл компания ауқымында шешім қабылдауды өзгертпесе, ол бизнесті мүлде өзгертпейді", — деп атап өтті Аруп Рой.

Басшыларға "старт-стоп" әдістемесі мен ЖИ-жобаларға портфельдік тәсіл ұсынылды. Қазақстандағы ахуал да осыған ұқсас – отандық бизнес жаңашылдықтарды өте баяу енгізіп жатыр. KGF төрағасы Ельдар Абдразаковтың сөзінше, санаулы компания ғана 2030 жылға дейінгі стратегияларын Authentic AI факторын ескере отырып қайта қарастырған. Спикер жүйелік промпттарда бизнес-контекстке ерекше назар аударуға және үшінші тараптың тілдік модельдеріне толық сүйенудің орнына ішкі алгоритмдік экожүйелер құруға шақырды. McKinsey серіктесі Дулатбек Икбаев одан әрі кетіп, форумда ЖИ компаниялардың архитектурасын қайта жинақтап жатқанын мәлімдеді. ЖИ-агенттердің автономды жұмыс уақыты әр 4 ай сайын екі еселенеді (2019 жылы 7 ай болған), бұл адамдар стратегияны белгілейтін, ал агенттер операциялық жүктемені орындайтын агенттік ұйымдардың тууына әкеледі. Оның сөзінше, қазіргі корпоративтік рөлдердің 75%-ы қайта қаралады.

Айқын мысал

K26 панельдік пікірталастарында спикерлер мәселенің мәніне үңіліп, ЖИ-ді тиімді енгізуге мүдделі компаниялар сүйене алатын нақты кейстерді талқылады.

Бағдат Мусиннің айтуынша, өзі басқаратын "Қазақтелеком" компаниясы өңірдегі ЖИ-инфрақұрылым саласындағы №1 ойыншы болуды көздеп отыр. Алғашқы отандық суперкомпьютер де жоғары сұранысқа ие болған. Оның ресурстарының 70%-ын бизнес ресми іске қосылғанға дейін екі жыл бұрын алдын ала сатып алған.

Нұрлан Смағұловтың сөзінше, "Астана Моторс" небәрі 9 айдың ішінде Орталық Еуропадағы қатысуын кеңейтіп, процестерді Алматыдан басқарған. Бұл ретте компанияға ЖИ технологиялары да көмектескен. Яғни, ЖИ ішкі процестерді оңтайландырумен қатар, компаниялардың сыртқы нарықтарға шығуына да мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ЖИ пайдаланушы тәжірибесін де өзгертіп жатыр. Бұл туралы Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе айтты.

оооооо
Фото: Stan.kz

Нарық көшбасшыларын зерделеу

K26-да ұсынылған Centras 500 рейтингі Қазақстандағы 500 ірі компанияны қамтиды. Рейтинг бір парадоксты көрсетті: салалардағы рекордтық көрсеткіштердің артында жекелеген ірі ойыншылар тұр.

Топ-20 компания рейтингке енген барлық компаниялардың жиынтық түсімінің 54%-ын, ал топ-10 компания 41%-ын құрайды. Бұл Қазақстан экономикасының жоғары деңгейде шоғырланғанын көрсетеді. Сонымен қатар рейтингке енген компаниялардың жартысынан астамы түсім өсімі бойынша инфляция қарқынынан төмен нәтиже көрсеткен, ал әрбір үшінші компанияның түсімі номиналды мәнде де төмендеген.

Осыдан ең жоғары нәтиже көрсетіп отырған көшбасшылар кім деген сұрақ туындайды. Бұған KGF командасы форумда қайта ұсынған топ-1000 C-Level басшылар рейтингі жауап береді.

Бұл рейтинг кәсіби мамандарды бес негізгі көрсеткіш бойынша кешенді бағалауға негізделген. Олар: білім деңгейі, басқарушылық рөл, кәсіпкерлік рух, көшбасшылық және тиімділік.

Centras Group қазақстандық бизнеске арнап тағы бір жаңашылдық ұсынды – бұл нарықты сарапшылық тұрғыдан бағалайтын VoE (Voice of Experts) платформасы. Ол клиенттерді талдау және C500 қаржылық рейтингінің жұмысын толықтырады. K26 конференциясында зерттеу авторлары мысалдар келтіре отырып, елімізде ірі экожүйелердің сыртында тұтынушылық өнім жасау өте қиын екенін айтты. Сонымен қатар брендке деген сенім мен өнім сапасының актив ретіндегі айырмашылығын түсіндіріп өтті.

Сонда чемпион болу үшін не істеу керек?

Дәл осы сұрақ бүкіл форум бойы рефрен болып естілді. Жауап мынада: чемпион тек өз табысын ойламайды, ол мультипликативтік әсер жасайды. Мысалы, Bank RBK Banking as a Service ("Қызмет ретіндегі банкинг") платформасын құрды, осылайша серіктестер қаржы компаниясының техникалық инфрақұрылымын өздерінің қаржылық өнімдерін іске қосу үшін пайдалана алады.

"Ұзақ инвестициялар, істеген ісіңе сену – бұл бір компания деңгейінде емес, жалпы ел деңгейінде өте маңызды", – деп атап өтті K26-да Bank RBK басшысы Наталья Акентьева.

RG Brands негізін қалаушы Қайрат Мәжібаев бұнымен шектелмей, "аймақтық чемпиондар" идеясын одан әрі дамытуда: оның пікірінше, 20 миллион халқы бар қазақстандық нарық жаһандық деңгейдегі компанияларды қалыптастыру үшін тым тарлық етеді.

"Жалғыз жол — аймақтық экспансия, бірақ тиімді өнімділік пен технологиялық жарақтандырусыз ол мүмкін емес", – деді Қайрат Мәжібаев.

K26 спикері және RG Brands мысалында Өзбекстан мен Қырғызстан нарықтарына шығудың пайдасын көрсетті.
Марапаттар мен мойындау
Форумның шарықтау шегі жыл сайынғы премияларды тапсыру болды:

  • CEO of the Year:
  •  LEADERSHIP — Cayle Жакаева (Citi Bank)
  •  EXCELLENCE — Дмитрий Ботанов (Kolesa Group)
  •  PERFORMANCE — Тимур Калтаев (RG Brands)
  •  Deal of the Year — Kaspi.kz
  •  Transformer of the Year — Higgsfield

 

оооооо
Фото: Stan.kz

Серпіліс жасауға түрткі болатын қозғалтқыш ретіндегі Shark Tank және Ideation жобалары

Биыл форумда перспективалы кәсіпкерлер мен батыл идеяларды жарыққа шығару үшін жаңа форматтар пайда болды. Мәселен, K26 басты сахнасында MOST Holding қолдауымен "SHARK TANK IN ACTION: GAMECHANGERS" сессиясы өтті. Сегіз инновациялық компания питчтерін ұсынып, бизнес титандарының қатаң талдауынан өтті. Қатысушылар менторлық қолдау, іскерлік байланыстар және жаңа буын кәсіпкерлерінің экожүйесіне кіру мүмкіндігіне ие болды. Бұл жай ғана көңілді шоу емес, жас кәсіпкерлерге көпшілікке танылуға және ел экономикасының болашағын айқындайтын қауымдастыққа қосылуға жол ашатын бірегей мүмкіндік болды.

K26-ның тағы бір эксперименталдық форматы — "Agents Versus Humans" стратегиялық Ideation-сессиясы. Мұнда топ-менеджерлер мен бизнес иелері командаларға бөлініп, екі сағат бойы ең өткір сұрақтарға шешім іздеді: агенттер адамдарды алмастыра ма, қандай кәсіптерде ең үлкен өзгерістер болады, ЖИ-агенттер бізге қандай жаңа мүмкіндіктер ашады. Форум қатысушылары пассив тыңдаудан белсенді жасампаздыққа көшті: өз компанияларында бірден тестілеуге болатын серпіліс идеяларын генерациялау, сүзу және орау.

Форум серіктестері

K26 сараптамасы мен қолдауы форумды шынайы институционалдық алаңға айналдырған серіктестеріне алғыс білдіреді. Олардың қатарында: РБК Банк (жылдам өсіп келе жатқан инновациялық банк), Centras Life (Қазақстанның ең көне сақтандыру компанияларының бірі), Philip Morris Kazakhstan (терең жергілікті сараптамасы бар жаһандық компания), Kazakhstan Stock Exchange (елдің басты қор алаңы), Smart Solutions (аутсорсинг және персоналды басқару қызметтерінің жетекші провайдері), Centras Securities (табыс табу бойынша көш бастап тұрған инвестициялық компания), PwC (халықаралық аудиторлық және консалтингтік фирмалар желісі, өз саласында әлемдегі ең ірілердің бірі), Beeline Kazakhstan (телеком-саланың негізгі ойыншысы), Forte Bank (Қазақстанның жүйе құраушы банктерінің қатарына кіреді), Centras Insurance (Қазақстанның сақтандыру нарығындағы ең ірі технологиялық компаниялардың бірі), Popeyes Kazakhstan (жергілікті нарықта локализация деңгейі, сапа стандарттарын сақтау және тағам қауіпсіздігі бойынша көшбасшы), SOS Medical Assistance (корпорациялар мен жеке клиенттерге жоғары кәсіби қызмет деңгейін қамтамасыз ететін ассистанс).
Kazakhstan Growth Forum'26 бизнес пен биліктің өзара тәжірибе алмасатын басты алаңы екенін көрсетті. Басты түйін: отандық бизнес жаһандық трендтердің келуін күтіп қарап отырған жоқ. Нарық лидерлері өз күшімен әлемдік деңгейдегі дата-орталықтарды тұрғызып, ЖИ агенттерін іске қосып, клиенттік тәжірибені мүлде жаңа деңгейге көтеруде. Бұл жарыста өзгерістен үркуді қойып, ақыл-ой мен шешім қабылдау жылдамдығын негізгі стратегиясына айналдырған жан ғана озады.

Ислам Әден
Жұма, 18 Қыркүйек, 2026 16:58