Тұрсын Алагөзов 57 жасын дүркіретіп атап өтті: Тойына Нұрлан Сабыров, A’Studio және басқа да жұлдыздар келді
Белгілі кәсіпкер, продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсын Алагөзов 57 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Мерекелік кешке отандық шоу-бизнестің бірқатар танымал өкілі шақырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында жұбайының туған күні қалай өткенін көрсетті.
Қонақтарға арнайы дастархан жайылып, түрлі ойындар мен көңілді байқаулар ұйымдастырылған.
Мерекеге Динара Сәтжан жұбайымен, дизайнер Аида Кауменова, Ерке Есмахан мен RaiM, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали және басқа да танымал тұлғалар келген.

Кеш қонақтарының алдында A’Studio тобы өнер көрсетсе, белгілі әзілкеш Нұрлан Сабыров та сахнаға шыққан.
Туған күн иесіне қонақтар бағалы әрі естелік сыйлықтар тарту етті. Баян Мақсатқызы жұбайына алтын танамоншақ сыйлаған. Ал кәсіпкердің үлкен қызы мен күйеу баласы ерекше тосынсый жасап, 1981 жылы шығарылған Cadillac көлігін тарту еткен.
Мерекелік кештен Динара Сәтжан да кадрлар жариялады. Тележүргізуші Тұрсын Алагөзовті туған күнімен құттықтап, бақыт туралы ойын бөлісті.
“Бақытты болу – бір күні бәрі жақсы болып кететін сәтті күту емес. Бақыт – “бір күні” деген ұғым емес, дәл осы жерде, дәл қазір өмір сүре білу. Қазір болып жатқан сәтті сезіну керек. Өткеннің естелігімен ғана өмір сүрмей, өмірді бәрі бұдан да жақсы болатын кезге дейін кейінге қалдырмау керек. Осы жерде, осы сәтте өмір сүру керек. Өйткені дәл қазір – біздің қолымызда бар жалғыз уақыт. Туған күніңізбен, Тұрсын Алагөзов!” – деп жазды Динара Сәтжан.
Еске салайық, бұған дейін Тұрсынғали және Баян Алагөзовтердің үйі қазақстандықтарды таңғалдырғаны хабарланған еді. Сәнді вилланың аумағы 2 мың шаршы метрден асады, ал оған тиесілі жер телімі жалпы 4 гектарды алып жатыр. Осы аумақта үй, үлкен киіз үй, жылыжайлар мен балалар алаңы орналасқан. Ең басты артықшылық – аумақтың да, үйдің де кез келген тұсынан ашылатын ғажайып таудың көрінісі.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды