AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш ұлының суретін жариялаған Сәбит Әбдіхалықов елді сүйсінтті 

Сәбит Әбдіхалықов үш ұлының суретін жариялап, елді сүйсінтті. Жақында ауруханаға түскен продюсер екі некеден туған балаларының татулығын көрсеткендей. 

Сәбит Әбдіхалықов жақында ғана жүрегі ауырып аурухана түсті. Продюсер 7 жылдан бері жүрегін тұрақты емдеп келеді. Бұған дейін бір рет инфаркт алған. 

Әбдіхалықов желіде белсенді болмағанымен, ара-тұра отбасы, ет-жақындары жайлы жазып, естеліктерін бөліседі. Бұл жолы алғаш рет үш ұлының бірге түскен суретін жариялады. 

“Бауырлар, Асылжан, Хақназар, Абадан”, – деп жазды әкесі.

Желі оқырмандары түрлі пікір жазып, ықыласын білдіріп жатыр.

“Ұрпағыңзбен мың жасаңыз”, “Асылжан ақылды жігіт, анасы жақсы тәрбиелеген. Бауыр керек, жалғыздықтан сақтасын. Қандай жарасымды сурет, өсіп, өне беріңдер”, “Жарасымды сурет екен. Бұрынғы ата-бабаларымыз 3,4 әйел алып-ақ ұрпақ көбейткен ғой. Кімге де болса, Алланың бұйрығымен болатын шаруа. Сәбит мырза! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріңіз. Қазағым! Бір-біріміздің осындай жақсылығын ғана көруге тырысып, жақсы ниет білдірейік. Ағайындылар аман болсын. Періште сәбилердің жаны пәк”, “Бұл да бір жақсы шығар. Ата-ананың арасында не болса да, ол үлкендердің мәселесі. Бала-шағаның емес, сіз бен біздің емес”,  деді желідегілер.

Айта кетейік, биыл ақпан айының басында Әбдіхалықов ұлды болды. Бұл – Әбдіхалықовтың жетінші перзенті. Актердің Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар. Сондай-ақ үшінші некесінен екі атұстары өсіп келеді. 50-ге тақаған шағында ұлды болған продюсер оған Абадан деп ат қойды. Жуырда бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаеваның тойына қатысқан Әбдіхалықов оны өзі ұзатқысы келетінін айтқан еді.


 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр