Мәскеу – Астана рейсінің жолаушысы ұшақта тәртіп бұзғаны үшін 12 тәулікке қамалды
Мәскеу – Астана рейсінің жолаушысы ұшақ бортындағы тәртіпті бұзғаны үшін 12 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді.
"Көлік полицейлері 36 жастағы шетел азаматын алкогольдік масаң күйде болғанын және қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол әуе кемесі экипажының талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан", – көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.
Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Көліктегі ПД қызметкерлері әуе кемесінің борты – жауапкершілігі жоғары аймақ екенін қатаң түрде еске салады.
Еске салсақ, осыған дейін Ресейлік әйел Air Astana әуе компаниясының Тбилиси – Алматы – Дананг бағыты бойынша рейсте 3400 долларын (1,5 млн теңге) жоғалтқанын жазғанбыз.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр