Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылды: Зардап шеккендердің арасында жасөспірім қыз бар

Алтай Республикасы аумағында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның төрт азаматы зардап шекті. Олардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алтай Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол апаты 7 шілде күні таңғы сағат 08:00 шамасында Онгудай ауданы аумағындағы Белый Бом ауылы маңында болған.
“Changan X5 Plus автокөлігін басқарған 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі жыраға аударылған”, – деп хабарлады ведомство.
Жол апаты салдарынан түрлі дәрежедегі жарақат алған жүргізуші мен көліктегі үш жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз Онгудай аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы – Қазақстан азаматтары.
ОқыңызБолған жол-көлік апатына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген