Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауынан кейін мәслихаттар жұмысына өзгеріс енгізіледі

Мәслихат куәлігі
Фото: Gov.kz

Қазақстанда мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару саласына қатысты бірқатар өзгеріс дайындалып жатыр. Соның ішінде мәслихаттардың жұмыс тәртібі мен жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу ережелері жаңаруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің үкімі бойынша, мемлекеттік органдар тиісті құқықтық актілердің жобаларын әзірлеп, белгіленген тәртіппен Президент пен Үкіметтің қарауына ұсынуы керек. Сонымен бірге бірқатар ведомстволық құжат қабылдау жоспарланған.

Құжаттар тізіміне сәйкес, қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Бұл жарлықпен мәслихаттың үлгілік регламенті бекітілген.

Сондай-ақ қыркүйекте Ұлттық экономика министрлігі жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін айқындайтын жаңа регламентті бекітеді деп жоспарланған.

Өзгерістер тек жергілікті басқару саласымен шектелмейді. Құжатта сот жүйесіне, жекешелендіру мәселелеріне және басқа да бағыттарға қатысты түзетулер қарастырылған.

Жалпы, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңды іске асыру аясында 50-ден астам құжат қабылдау жоспарланып отыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 19 Тамыз, 2026 15:39