Қазақстанда депутаттарға арналған төлемдер енгізілмек

Мәслихат депутаттары таратылған жағдайда оларға төлемдер кепілдендіріледі. Мұндай норма мәжілісте қаралып жатқан мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі заң жобасында қарастырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Екатерина Смышляева бұл құжаттың мәслихат депутаттарының әлеуметтік кепілдіктерін күшейтетінін айтты.
"Атап айтқанда, іссапар шығындарын өтеу қарастырылған. Сондай-ақ мәслихат таратылған жағдайда тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға төлемдер беріледі", – деді ол.
Заң жобасының жарияланған мәтінінде егер мәслихат президент шешімімен таратылса, тұрақты негізде жұмыс істейтін депутатқа жұмысқа орналасқанға дейін немесе зейнет жасына жеткенге дейін ай сайын оның орташа жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төленеді деп көрсетілген.
Сонымен қатар бұл төлемдер өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап ең көбі үш айға дейін ғана тағайындалып, мәслихат регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бұған дейін аймақтарда депутаттар әкімнің халықпен кездесуінен кейін қабылданған жоспарының орындалуын қадағалайтыны турал жазған едік. Мәжілісте “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заң жобасы қаралып жатыр. Оған сәйкес, енді депутаттар әкімнің халықпен кездесуінен кейін қабылданған жоспардың орындалуын бақылайды.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек