Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында оқушылар жаңа оқу жылын әкімдік ғимаратында бастайды

құрылыс
Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысындағы мектептердің бірінің оқушылары жаңа оқу жылын әкімдік пен орман шаруашылығының ғимараттарында бастайды. Себебі мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаға “Информбюро” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әкімдік мәліметінше, бұл екі жылға жоспарланған жоба, жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеуді екінші тоқсанның басына дейін аяқтау жоспарланған. Қазір ғимаратта әрлеу жұмыстары жүріп, еден төселіп, есіктер орнатылып жатыр.

Білім басқармасы оқушыларға қолайсыздық тудырмайтынын айтты.

“Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде 110 оқушының оқу процесі аудан әкімдігінің ғимаратында және Усаков орман шаруашылығының әкімшілік ғимаратында уақытша ұйымдастырылады. Сабақтар екі ауысымда өтеді. Кабинеттер қажет жиһаздар және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген”, – делінген Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының жауабында. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда биылғы оқу жылында оқушылар мен мұғалімдер үшін не өзгеретіні туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026 09:16