Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерге жаңа пәндер енгізіледі

Оқушылар жаңа пәндер Конституция
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан мектептерге "Конституция негіздері" және "Қазақстан географиясы" екі жаңа пән енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті оқу курстарымен толықтырылатынын айтты.

"5-7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда "Заң және тәртіп" пәні оқытылады. Сонымен қатар 5-11-сынып оқушылары үшін "Жеке қауіпсіздік" міндетті курсы енгізіледі. Келесі оқу жылынан бастап 8-9-сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәні қайта оқытылады. Бұған дейін таңдау пәні ретінде жүргізілген "Құқық негіздері" курсы енді барлық оқушы үшін міндетті болады және жаңа Конституция қағидаттарына толық сәйкес келетін мазмұнда оқытылады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ министрі оқу бағдарламаларында ауызша сөйлеу мәдениетін, мәтінді түсіну қабілетін, оқу сауаттылығын және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар күшейтілгенін атап өтті. 

Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән енгізілетіні туралы атқан еді. Оның сөзінше, бұл пән балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды.

Stan.kz
Сәрсенбі, 01 Шілде, 2026 11:05