Қазақстандық мектептерде жаңа пән пайда болмақ
Қазақстан мектептерінде жол қозғалысы ережелері жеке пән ретінде қарастырылады. Мұны оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән енгізіледі.

"Бұл пән жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Пән оқу бағдарламасына енгізіледі. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары болады. Балаларды оқытуда шешілуі қажет барлық өзекті мәселе ескерілді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның айтуынша, бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы мен "Өркен" орталығы әзірлеген. Бұл пәнді мұғалімдер мен психологтар оқытады және 5-9 сыныптарда енгізіледі.
Балалар үйінен әлемдік үздікке дейін: Қазақы оюды шашқа түсірген шебер қалай әлемді мойындатты
Ксения енді өз өнерін сән индустриясымен ұштастырғысы келеді
Қазақстандық белсенді баласына Түркияда полиция қысым көрсетіп жатқанын айтып, көмек сұрады
Бұған дейін қазақстандық жігіт Молдовада пана сұрап, өтініш берген