Қазақстандық оқушылар диктант, шығарма мен мазмұндамаға қайта оралды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар қайтадан мазмұндама, шығарма, диктант жазады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнасының “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім сапасын арттыру үшін дәстүрлі жазба жұмыстары қайта енгізілетінін айтты.
“Мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Енді 5-7 сыныптарда "Конституция негіздері", 8-9 сыныптарда "Заң және тәртіп" оқытылады. Ал жоғары сыныптарда "Құқық негіздері" пәндері міндеттеледі. Бұл өзгерістер балалардың тек білімін емес, тәртібі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған”, – дейді министр.
ОқыңызОның пайымынша, жаңа пәндер "Адал азамат" бағдарламасы аясында енгізіледі. Сондай-ақ экологиялық тәрбиеге мән беріліп, кей пәндер қайта оралады. Мысалы, 8-9 сыныптарда "Қазақстан географиясы" аптасына екі сағаттан оқытылады. Осылайша мектеп бағдарламасы енді тек білім беруге емес, тәрбие мен заңды құрметтеуге бағытталмақ.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр