Қарағандыда алтыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар бала аман қалды

Қарағандыда алтыншы қабаттан құлап кеткен үш жасар баланы патрульдік полиция дер кезінде құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде Қарағанды тұрғындарының алғыс жазбасы кеңінен тарап жатыр.
Үшінші қабаттан (мәтінде: алтыншы қабат) құлап кеткен үш жасар баланы құтқарған патрульдік полиция қызметкерлері – Ілияс Атбеков пен Магомед Якубовқа көршілері іздеу салып, алғыс білдірген.
Оқиға кезінде әр секунд маңызды болған. Патруль қызметкерлері жедел әрекет етіп, жарақат алған баланы қызметтік көлікке отырғызып, дабылмен ауруханаға жеткізген. Олардың жедел қимылының арқасында дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, баланың өмірін аман алып қалды.
Шошынған ата-аналар мен куәгерлер сол сәтте полицейлердің атын да сұрап үлгермеген. Патрульдік экипаж баланы дәрігерлерге тапсырып, қайтадан қызметтік маршрутына шыққан. Кейін батыр полицейлерді көлік нөмірін есте сақтап қалған көршілер арқылы тапқан.
Оқыңыз"Оларға үй тұрғындарының атынан үлкен алғысымызды білдіреміз", – делінген жазбада.
Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріп, оларды ашық терезе маңында қараусыз қалдырмауға және тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін саұтауға шақырды.