Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаласам, орамалға қайта келемін": Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті

Сажол
Фото: instagram.com/_sajol

Sajol лақап атымен танымал блогер Сымбат Қасымова да орамалын шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, өміріндегі өзгерістерді бөлісті. Кадрларда блогер шашының түсін өзгерткенін көрсеткен.

“Өсек, аңду, көреалмаушылық пен қараңғылық көп өмірде жарқырап, жалындаған от болғым келеді екен. Жаңа кезең”, – деп жазба қалдырған ол.

Желі қолданушылары Сымбат Қасымованың бұл шешімін екіұдай қабылдады. Кейбір қолданушылар кейінгі кезде “орамал ойыншыққа айналды” деп жазып жатыр. Мұндай пікірлерді блогер де жауапсыз қалдырмады.

Мәселен блогердің оқырманы оған “Неге кидің? Неге шештің?” деп сауал қойған.

“Қатты кигім келді, кидім. Шешкім келді, шештім. Болды. Оның несі түсініксіз? Біраз уақыттан кейін қайта кигім келсе, тағы да орамалға келемін. Өмір болған соң адам өлгенше өзімен, өз ойларымен күреседі. Бастысы сол күресте жеңілмей, адам болып шығу”, – деп жауап берген ол.

Сондай-ақ ол өмірде батыл болуға шақырып, қателіктен қорқып, мүмкіндікті жіберіп алмау керегін айтты.

“Қателесуден қорқып өмір сүремін деп, өміріңіздің қалай өтіп кеткенін білмей қалмаңыз. Кейін бойыңыздан күш-қуат кеткенде “Жас кезде неге жасап көрмедім екен?” деп өкінгенде кеш болады”, – деп жазған ол.

Сажол
Фото: instagram.com/_sajol

Айта кетейік, бұған дейін әнші Абай Бегейдің екі қызы да хиджабтарын шешкені хабарланған еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 05 Мамыр, 2026 17:05