AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз ұлтымызды жоғалтпаймыз": Православ дінін қабылдаған шымкенттік қазақ қалай шіркеу қызметкері болғанын айтты

Марат әке (Марат Бекқалиев) - Шымкентте дүниеге келген қазақ. Бүгінде Ақмола облысында шіркеуде қызмет етеді. Ол православ дініне қалай келгенін "Азаттық рухы" басылымына берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марат Бекқалиев бала кезінен әкесіне қарап, ұшқыш болуды армандаған. 

"Әкем қайтқаннан кейін, Алматыға көшіп келдік. Спортпен айналысып, ұшқыш болуға дайындалдым. Бірақ спорттың әсерінен көзім нашарлады. Ұшқыш бола алмадым. Политехникалық институтқа түстім", – дейді дін қызметкері.

Оқуын үздік аяқтаған ол 10 жыл бойы институтта инженер болып жұмыс істеген. Құрылысқа қатысқан. Алайда ол қызмет ететін институт жабылып қалған соң, басқа салаға ауысқан. 

"Ұзақ уақыт анда-мұнда жұмыс істеп, ақырында компьютер маманы болдым. Онда да біраз жетістіктерге жеттім. Танымал германиялық-америкалық компанияға бағдарламашы ретінде шақырту алдым. Барайын деп жатқан сәтте Ладыков Алексеймен жолығып қалдым. 
"Сен инженер емессің бе?" деді. Иә, жоғары санатты маманмын, дедім. – Жүр Астанаға, деді. Содан міне, 20 жылға уақыт өтті. Құдайға шүкір, шіркеуге арнап храм салып жүрмін. 



Алдымда таңдау тұрды: Шетелге барып, бай болу немесе осында қалу. Қазақтарда "өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген жақсы мақал бар. Сондықтан бағдарламашы емес, отбасымызбен қарапайым дін қызметкері (священник) болдық", – дейді Марат әке.

Марат Бекқалиев таза қазақ екенін жасырмайды. "Оның үстіне Шымкенттің қазағымын", – деді өзі. 

Ол православ дініне өткен соң, мұны жария етуге қорқатын қазақтар жайлы айтты. 

"Мен бұл сұрақтан қорықпаймын, қашпаймын. Шоқынған кезде біз ұлтымызды жоғалтпаймыз. Ұлтқа тән қасиеттер барлығында қалады. Бірақ біз православ болып қаламыз", – деген ол қазақ тілін тұрмыстық деңгейде білетінін айтып қалды.

Ол "Інжілді" қазақша насихаттағысы келетінін жеткізді. 

"Кеңестік мемлекеттерің ішінде бізден басқа барлық елдердің тілінде "Інжіл" бар. Мұнда бір Құдайдың ойы бар деп ойлаймын. Түрлі мәтіндер бар. Бірақ олар "Інжілдің" толық мағынасын ашпайды. Бізде терминдердің сипаттамасы бар. Бірақ Құдайға қатысты түсініктерді атауда ауызбіршілкке келмейінше, менің халқымның "Інжілді" қабылдауы мен қалағандай болмайды", – дейді дін қызметкері. 

"Православ діні ашатын әлем тек орыстар мен еврейлерге ғана емес, бәріне арналған", - деп жалғады сөзін ол.  

Марат әке православ дінінен бас тартып, өзге дінге кететін жандарды аяйтынын жеткізді. 

"Егер де адам бала күнінде немесе есейгенде шоқынып, кейін басқа дінге кетіп қалса, Христостың өзі оның өкінгенін күтеді. Құдайдың өзі күтеді. Өзімнің тарапымнан, мен оларды аяймын", – деді ол. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр