AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық шенеунік жиналыста ойланбай сөйлегені үшін қатаң сөгіс алды

Орал қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисенғали Хайруллинге онлайн жиналыстардың бірінде ойланбай сөйлегені үшін қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап. 

16 тамыз күні Бисенғали Хайруллин онлайн жиналыс кезінде "бесит уже, на" деген. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, мемлекеттік басқарма басшылары, сондай-ақ жеке ұйымдардың өкілдері қатысқан.

Шенеунік мұндай сөзді айтқанын мойындады, бірақ ол сөзін жиналысқа қатысушылардың ешқайсына қарата айтпағанын жеткізді.

Хайруллиннің айтуынша, ол жарты жыл бойы үш адамның жұмысын істеген. Бұған себеп – бөлім басшысы жұмыстан кетті, ал екінші орынбасар жүрегіне операция жасатып, демалысқа кеткен көрінеді. 

“Сол жиналыста дыбыс шықпай тұрды, осылай 15 минут жоғалттық. Басқа кабинетке ауысу керек болды, мен өз қызметкерлеріме ашуланып, осылай дедім", – дейді шенеунік. 

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев бұл сөздер төрт рет айтылғанын атап өтті. Сонымен қатар Хайруллинге облыс әкімі орынбасарының өзі ескерту жасады.

"Бұл сөздер байланыс нашарлаған кезде емес, сөйлеп болғаннан кейін айтылды. Біз оның кімге қаратыла айтылғанын білмейміз. Сіз "Бесит уже, на" дедіңіз, соңына дейін айтпағаныңыз дұрыс болды. Қарым-қатынас кезінде қажет жалпы қабылданған нормаларды ұстаныңыз. 60 жастасыз, сізге тәрбие беретін адам мен емес", – деп ашуланды Тұрсынбаев.

Ол мемлекеттік қызметкерлер әр сөзін қатаң қадағалап, қалғанына үлгі болу қажет екенін айтты.

"Иә, мүмкін сіз үш адамның орнына жұмыс істеп жатқан шығарсыз. Бірақ бұл сізге осылай әрекет етуге құқық бермейді", – деп есептейді Тұрсынбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша Бисенғали Хайруллин "қатаң сөгіс" түріндегі жаза алды, ал бұл жағдай қайталанса, шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр