Петербордағы жарылысты жасаған жанкештінің кім екені белгілі болды

Күдікті метродағы бақылау камераларының біріне түсіп қалған екен. Оның шашыраған сүйектері вагоннан табылыпты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

xw_1390087

Ол Қырғызстанның тумасы. Ұлты-өзбек, Ош қаласында туған Акборжан Жалилов Ресей азаматтығын алған. 22 жастағы жігіт Петербордағы суши-барда даяшы болып істепті. Бірақ соңғы кездері жұмысты қойып, жұрт көзінен тасада жүрген екен.

Жалпы, кешегі жер асты жолында болған жойқын жарылыстан 14 адам көз жұмған. Оның 11-і оқиға орнында қаза тапса, үшеуі ауруханада есін жия алмаған күйі жан тапсырды.

Қазір Петерборда қаралы күн жарияланған. Ал жарылыстан аман қалғандарға жан-жақты көмек көрсетілуде.

“Вагон төбемізге қирап түсті. Бәріміз қаша жөнелдік. Ішін қара түтін басып қалды. Жарылыс болса да пойыз тоқтаған жоқ. зулап кете берді. Келесі аялдамаға жеткенше құдайға сыйындық. Мұндай сұмдықты енді көрсетпесін”, – деді оқиға куәгері Наталья Кириллова.

Бұған дейін ҚР СІМ Ресейдегі теракті кезінде Қазақстан азаматының қаза болғанын растаған еді.

Бұған дейін 22 жастағы қазақстандықтың терактіні ұйымдастырған болуы мүмкін делінген ақпарат шыққан еді.

Еске салсақ, 3 сәуір күні 14:30 шамасында Санкт-Петербургтегі “Сенная площадь” және “Технологический институт-2” бекеттерінің аралығында жарылыс болды.  “Терррорлық акт” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ресейдегі жарылыстан кейін Алматы метросындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан президенті өзінің мұрагері туралы айтып берді

Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр