Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Мәскеу тұрғыны Анашка Хаджымұрадова қайтыс болған атасының заттарының арасынан XVI ғасырдағы Құран кітабын тауып алады. Қасиетті кітап Сирияда басылған екен.

Құран

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Кітаптың құны тым жоғары болуы мүмкін деген сыбыстан кейін ол Құранды аукцион арқылы сатылымға шығармақшы болады.

“Біз екі сараптама жасатып, Құранның XVI ғасырға тиесілі екенін анықтадық. Лондонда маған бұл кітап үшін 12 миллион ұсынды, одан кейін бағаны тіпті 45 миллионға да көтерді”, – дейді Анашка.

9696

Алайда әйел құнды кітапты сатып, баю туралы ойынан тез айниды. Ол Құранды мешітке тегін беру керек деп шешім қабылдапты.

“Бақытты ақшаға сатып ала алмайсың. Біз кітапты сату емес, сыйлау керек деп шештік. Мен мешітке кез-келген уақытта барып, кітапқа қарап, туыстарыма да, балаларыма да көрсете аламын. Өйткені, ол мешітте ұзақ жылдар бойы сақталады. Құран өте ескі, қолмен жазылған. Оның бұзылмай жақсы сақталғанына, өте жеңіл оқылатынына бәрі таңғалды”, – дейді әйел.

4545

Бала кезінде оған атасы кітап туралы айтқан екен. Атасы сол кездің өзінде-ақ немересіне егер ол араб тілін оқыса қасиетті кітапты беруді жоспарлаған екен. Бір жыл өткен соң, атасының қалағанындай Анашка араб тілін меңгеріп шығады.

Оқи отырыңыз:

American Airlines ұшқышы әуежайға қонар кезде қайтыс болды

Желіде Ливан президентінің саммит кезінде құлап түскен видеосы пайда болды (видео)

Америкалық дәрігер клиентіне цемент пен суперклейді араластырып инъекция жасаған

Ата-аналар балаларын гей тәрбиеші жұмыс істейтін балабақшадан алып кетіп жатыр

Талқылау