Петербордағы жарылыстан соң Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Ресейдің Петербор қаласында жойқын жарылыс болды. Жергілікті ақпарат құралдары 10 адамның өлгенін хабарлап жатыр, – деп хабарлайды КТК.

Қаза тапқандар саны әлі өсуі мүмкін. Өйткені, жарақаты ауыр жолаушылар көп. Қазірдің өзінде 30 шақты адам ауруханаға жеткізілген. Ал жарылыс метроның екі жері – «Сенная алаңы» мен «Технология иниституты» станцияларында тіркеліпті.
Куәгерлер метро бекеттерінің іші қою қара түтінге толып қалғанын, құтқарушылар адамдарды қауіпсіз жерге шығарып жатқанын айтады. Бомба вагондардың ішіне қойылған деген болжам бар. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма, жоқ па оны осы Петербордағы бас консулдық өкілдері анықтап жатыр. Көмек қажет еткен Қазақстан азаматтары экрандағы телефонға хабарласа алады.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған