Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санкт-Петербург метросындағы жарылысты 22 жастағы қазақстандық ұйымдастырған болуы мүмкін

Санкт-Петербург метросында болған жарылыста қаза тапқан 11 адамның үшеуінің кім екені анықталды.

9898

Фото: metronews.ru

Бұл туралы fontanka.ru хабарлайды.

Мәлімет бойынша, қаза тапқандардың ішінде өз-өзін өлімге байлаған террорис те болуы мүмкін. Жарылыстың ортасында 22 жастағы қазақстандық Максим Аришев және 71 жастағы Юрий Налимов, 18 жастағы Ксения Милюковалар болған.

Бұған дейін БАҚ жарылысқа байланысты жастары жиырмалар шамасындағы Орта Азияның екі тұрғынының ізделіп жатқанын хабарлаған еді. Құқық қорғау қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарағаннан кейін оларды іздей бастаған.

Өз кезегінде, құқық қорғау органдарындағы сенімді дерек көзі жарылысты жасауды Орта Азиядан шыққан, Ресейдегі тыйым салынған радикалды ислам топтарымен байланысы бар 23 жастағы адам деп болжам жасаған. Жер асты жолына ол бомбаны рюкзакка салып алып келген: күштілігі келіге жуықтайтын жарылғыш затты “Площадь Восстания” бекетіне тастап кеткен (кейін ол табылып залалсыздандырылды). Ал күштілігі 300 грамм тротилге жететін жарылғышты пойыз вагоны арқылы тасыған.

Еске салсақ, 3 сәуір күні 14:30 шамасында Санкт-Петербургтегі “Сенная площадь” және “Технологический институт-2” бекеттерінің аралығында жарылыс болды. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, 40 адам зардап шекті. “Терррорлық акт” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, мамандар терактіні ұйымдастырушыны анықтауға тырысып жатыр.

Ресейдегі жарылыстан кейін Алматы метросындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан президенті өзінің мұрагері туралы айтып берді

Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау