Павлодардағы Абайдың ескерткішіне дәретхана қағазы мен жұмыртқа лақтырған (видео)
Павлодар қаласының тұрғыны қызымен жанжалдасамын деп, Абайдың ескерткішін бүлдіріп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам Абайдың ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырып тастаған. Оқиға видеокамераға түсіп қалған.
Кадрлардан Абай Құнанбаевтың ескерткішінің үстінде дәретхана қағаздарының қалдықтары мен жұмыртқа қабықтарының шашылып жатқанын көруге болады.
- Лениннің ескерткіші желіде 9 миллион теңгеге сатылып жатыр
- Шымкенттік шенеуніктер тарихи тұлғалардың ескерткіштеріне бетперде тағып қойған
Полиция ер адамды ұстады.
"Жас жігіт өзінің әрекетін өзінің сүйіктісімен жанжалдасқанын және оны мас күйінде ашуланған күйде жасағандығымен түсіндірді. Осы факт бойынша ер адам "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапқа тартылды. Материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ер адам өзінің әрекетіне өкініш білдіріп, қазақстандықтардан кешірім сұрады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған