Лениннің ескерткіші желіде 9 миллион теңгеге сатылып жатыр
Биіктігі 3,5 метр қоладан жасалған Владимир Ленин Ильичті сату туралы хабарландыру OLX сатылым жасайтын платформада пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хабарландыру авторы ескерткіштің салмағы 1400 келі екенін жазған.
Петропавловск.news басылымның хабарлауынша, автор мұндай құнды экспонаттың өзіне қайдан қалғанын айтудан бас тартып, ескерткішті түрлі-түсті металл сынықтары ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын хабарлады.
Ескерткіш бағасы 1 600 000 теңге мөлшерінде көрсетілген, бірақ хабарландыру мәтінінде бұл сома рубльмен көрсетілген. Ұлттық валютаға аударылған бұл шамамен 9 миллион теңге болады.
Ескерткіште "КСРО көркемдік қоры, Мытищи көркем құю зауыты" деген жазу бар.
Басылымның мәліметінше, егер ескерткіш қоладан жасалған болса, онда оның түсті металл сынықтары нарығындағы құны салмағы 1400 килограмм болғанда шамамен екі миллион теңгеге тең.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"