Ақын Орал Байсеңгір Димаштың орындауындағы «Ұмытылмас күн» әнінің тарихын айтып берді
Ақын әрі әнші Орал Байсеңгір Димаштың орындауындағы «Ұмытылмас күн» әнінің шығу тарихын айтып берді.
Айта кетейік, жас әнші «I am a Singer» байқауының 10-кезеңінде осы әнді қазақ және қытай тілдерінде орындап, финалға жолдама алған болатын.
«…Мен үшін əнге арнап өлең жазғаннан гөрі, дайын өлеңге музыка жазу оңай, бірақ əнге сұранып тұратын өлең көп кездесе бермейтіндіктен, көбіне композитор өз ақынын іздейді. Димаш бұл өлеңге дейін де мен мəтінін жазған əндерді, менің өз əндерімді де тыңдап өсті», — деді Орал Байсеңгір «Тілшіге» берген сұхбатында.
Бір күні Димаштың бірге өскен досы, Оралдың ұлы Сенім: «Əке, Димаш бір əдемі музыка жазыпты, соған өлең жазып берші» деген екен.
«Мен музыканы тыңдап көрейін дедім, өйткені музыка авторының жандүниесін түсінбесең, ол шеккен мұңды жүрегіңнен өткізбесең, жақсы туынды шықпайтынын өз тəжірибемнен білемін. Көп ұзамай Димаш келді, əңгімелесіп қана қойған жоқпыз, сырластық!», — дейді ол.
Айта кетейік, ән махаббат жайында. Музыкасы — Димаштікі, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Димаштың менеджері Алпамыс Шаримовтың айтуынша, ән қытай тіліне мазмұны мейлінше өзгертілмей аударылған.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың өнеріне тәнті болған француз қызы “Дайдидауды” шырқады (видео)
Айсәуле Бақытбек халықтан әкесі үшін көмек сұрады
Димаш “Грэмми” марапаттауында қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті (видео)