Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш 10-кезеңде үшінші орын алып финалға шықты (видео)

Димаш Құдайберген I am a Singer жобасының 10-кезеңде үшінші орын алып, ақтық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы қытайлық жанкүйерлер жарыса жазуда, деп хабарлайды Stan.kz.

димаш 170317

Димаш бұл кезеңде өз репертуарындағы “Ұмытылмас күн” әнін қазақ және қытай тілінде орындаған. Айта кетейік, “Ұмытылмас күн” әнінің авторы Димаштың өзі болып табылады.

Димаш жобаның келесі турына қатыспайды, бірден финалда өнер көрсетеді.

Димаш 3 орын 10

Димаштың осы күнге дейін жинаған ұпайы оған осындай мүмкіндік беріп отыр.

Айтпақшы Димаш бұл жолы үшінші болып өнер көрсеткен.

Димаш реттік саны

Еске сала кетейік, бас-аяғы 14 кезеңнен тұратын жобаның 10 туры артта қалды. Оның үшеуінде Димаш бірінші орынды ұтып, жеңіс кубогын иеленді.

Ертең Singer-дің 9-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның “All by myself” әнін орындайды. Есте болса, бұл кезеңде Димаштың екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Ал 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады.

Ал әзірге назарларыңызға Димашқа ақтық кезеңге жолдама алып берген “Ұмытылмас күн” әнін ұсынамыз!

Жіберіп алмаңыз:

Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзді бейнебаянға түсірді (видео)

Динара Сәтжан хан сарайындай үйін 88 миллионға сатылымға шығарды (видео)

Орыс тілін құрметтейтінін айтқан Нұртас Адамбай халыққа қазақ тілінде үндеу жолдады (видео)

Жігер Ауыпбаев күзетші болып жұмыс істеп жүрген жерінен ұсталып қалды (видео)

Талқылау