Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың өнеріне тәнті болған француз қызы “Дайдидауды” шырқады (видео)

Желіде Реюньон француз аралының тұрғыны “Дайдидау” әнін қазақ тілінде орындап жатқан видео жарияланды.

Безымянный

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Видеода француз қызы Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті екенін айтып, қазақ әншісіне өз алғысын жеткізеді.

“Бүгін мен сіз және сіздің керемет талантыңыз жөнінде ойымды айтуға мүмкіндік туып отыр. Сіздің ән айту мәнеріңізде сұлулық, махаббат, эмоция – бәрі бар. Мен тек қана рахмет айтқым келеді. Өз дарыныңызбен бізбен бөліскеніңіз үшін алғыс айтамын. Сіз өзге тілдердегі әндерді бір аптада үйреніп алып жүрсіз, енді сіздің тіліңізде ән жаттауға бізге кезек келді”, — дейді әнші қыз “Дайдидау” әнінен үзінді орындаған соң.

Видеоның астында пікір қалдырғандар қазақ тілінде ән орындаған қызға алғыстарын айтып, Димашты мақтан тұтатындарын жазады.

Айта кетсек, Димаш Қытайдағы I am a singer байқауында “Дайдидау” әнін жетінші кезеңде орындаған еді. Димаштың Қытайдағы танымалдығынан кейін қазақ әншісі туралы Франция елінде де айта бастады. Жақында француздық телеарналардың бірі Димаш туралы арнайы репортаж жасаған еді.

Ал француз тілінде ән шырқайтын Лара Фабиан Димашты “I am a singer” телешоуының алтыншы кезеңіндегі жеңісімен құттықтап, кездесуге ниет танытқан болатын. Сондай-ақ Димаш Құдайбергенов Азиядағы ең беделді Top Chinese Music Awards сыйлығына ұсынылып отыр.

Оқи отырыңыз:

«Астана арена» стадионында Рианнаның концерті өтеді

Әнуар Нүрпейісов өзін сынағандарды қатыгездер деп атады

Әнші Асхат Тарғын енді оқу бітірген қызға үйленді (фото)

Ерке Есмахан өзі жүргізген тойда қалыңдық гүлін тосып алды

Талқылау