Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал француз телеарнасы Димаштың таңғажайып өнері туралы репортаж жасады (видео)

Димаш Құдайбергеновтың Singer-2017 конкурсындағы танымалдылығы әлеуметтік желі арқылы-ақ әлемнің назарын аударды. Бұл жолы Франциядағы France 2 танымал телеарнасы Димаштың өнері туралы репортаж жасады.

5656

“Сіз мына керемет дауысты естіп тұрсыздар ма? Бұл дауыстың иесінің есімі Димаш. Және біз бүгін осы жас жігіт және оны Қытайда танымал еткен әлеуметтік желі туралы айтамыз. Ол осы әнді орындау арқылы өзінің алғашқы жарыс кезеңінде-ақ танымал тұлғаға айналып шыға келді”, – деді таңғы бағдарламаның жүргізушісі. Аталмыш бағдарлама Франциядағы таңғы телеаудиторияның 40 пайызын қамтиды екен.

8585

“Иә, ол Даниэл Балавуанның қиын әнін орындады. Осы еңбегі үшін оны медальмен марапаттау керек”, – деп атап өтті жүргізушісі.

Телеарна сондай-ақ, жас жігіттің тартымды екенін, тіпті қытайлықтарға сырт келбеті ұқсайтынын да айтып өтіпті.

Репортаж барысында Димаштың ұлты қазақ екені және қытайша сөйлемейтіні айтылған. Соған қарамастан қазірдің өзінде Weibo (Твиттердің қытайлық баламасы) әлеуметтік желісінде Димаштың үш милллионға жуық жазылушысы бар. Жалпы, Қытайда оның видеосы әлеуметтік желілерде оны 1,5 млрд қаралым жинаған.

Бұған дейін ол Қытайдың танымал телеарнасына қазақ тілінде сұхбат берген болатын. Сондай-ақ, Димаш қатысып жатқан жобаның отандық “Хабар” телеарнасынан көрсетілетінін де хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, Димаш қытайлық “Singer” телешоуының финалына өтті. Димаш I am a Singer жобасының 10-кезеңде өзінің авторлық туындысын орындап, үшінші орынды ұтты. Осылайша ол ақтық кезеңге жолдама алып отыр. Димаш әлі де жеңіске үмітті негізгі фаворит.

Оқи отырыңыз:

Әйел эфир кезінде Тәуекел Мүсілімнің алдында босана жаздады

Баян Есентаева: Қоғамға өзімнің кім екенімді түсіндіретін уақыт жетті

Бүркіт пен Айша алғаш рет клипке ұлдарын түсірді (фото, видео)

Әнші Тахмина Әшімбекова ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралды (видео)

Талқылау