Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына Олжас Бектеновті Қазақстанның премьер-министрі қызметінде қалдыруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев премьер-министрге байланысты ұсынысын айтты.
“Сол жиында айтылған пікірлерді ескере отырып Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтың кандидатурасын ұсынамын”, – деді Тоқаев.
Депутат Дания Еспаева президент ұсынысын қолдады.
“Олжас Абайұлын біз жақсы білеміз. Олардың мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі, кәсіби білімі мен ел дамуына қатысыт көзқарасы осы жауапты қызметтерге лайық деп есептейміз. Ақжол демократиялық партиясы Құрылтайда отандық өндірушілерді және шағын және ортақ бизнестің мүддесін білдіре отырып, сіз ұсынған вице-президент, премьер-министрлік кандидатураларды қолдайды. Құрметті әріптестер сіздерді де қолдауға шақырамын”, – деді Дания Еспаева.

Кейін депутаттар дауыс беріп Олжас Бектеновті премьер-министрі қызметінде қалдырды.
Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік тәмамдаған. Еңбек жолын Алматының Әділет басқармасында бастап, кейін Премьер-министр Кеңсесі мен Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған.
Әр жылдары Әділет министрлігінде, Қаржы полициясында, Астана әкімдігінде және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыс істеді. 2017–2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдан бастап мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында басшылық қызметтер атқарды. 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікті басқарды.
2023 жылғы сәуірде Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстанның премьер-министрі қызметіне келді.
Еске салсақ, Тоқаев Ерлан Қаринды вице президент лауазымына ұсынып, құрылтай депутаттары бірауыздан мақұлдаған еді.
Экстремизм мен терроризм үшін 14 жастағы азамат жауапкершілікке тартылады: Жат ағымның қаупі мен салдары