Алматыдағы Қонаев университеті атауына байланысты сотқа тартылды
Халықаралық Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қоры Алматыдағы Қонаев университетін сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қор оқу орны атауындағы "Қонаев" сөзін алып тастауды және оның есімін қордың келісімінсіз пайдалануды тоқтатуды талап етті.
“Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың есімін және Қорға тиесілі құқықтарды қорғау тек құқықтық алаңда және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады”, – делінген Қордың хабарламасында.
Қонаев университетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, оқу орнының тарихы Дінмұхамед Қонаевтың есімімен құрылған кезінен бастап байланысты. Университет өкілдерінің айтуынша, оқу орны 1993 жылы мемлекет қайраткерінің жеке батасымен "Д. А. Қонаев атындағы колледж" ретінде құрылған. Кейін оқу орны бірнеше рет қайта ұйымдастырылып, атауын өзгерткен. 1994 жылы оның негізінде Д. А. Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық институты құрылса, 2000 жылдан бастап Д. А. Қонаев атындағы университет болып аталған.

2015 жылы оқу орны Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы болып қайта аталды. Ал 2023 жылы Қонаев университеті болып өзгертілді.
Университет Алматыда орналасқан. Қазір оның құрамында Алматы мен Талғар қалаларында орналасқан екі колледж де бар.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады