Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Қазақстан университеттерінің оқу ақысы әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен салыстырғанда бірнеше есе арзан. Бірақ QS-2027 рейтингі көрсеткендей, баға төмен болғанымен, ғылымдағы бәсеке біз үшін әлі де қымбатқа түсіп тұр. Stan.kz рейтингтегі көрші университеттердің оқу ақысы мен көрсеткіштерін қатар қойып көрді.
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары тағы да халықаралық рейтингке енді. Бірақ биылғы QS World University Rankings 2027 нәтижесі мақтануға емес, ойлануға негіз береді. Өйткені елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті. Оның үстіне әлемдік рейтингке енген қазақстандық университеттердің саны да азайып барады. Былтыр 20 университет болса, биыл 18. Екі оқу орны тізімнен мүлде шығып қалды.
Қазақстан университеттері әлемдік рейтингте төмендегенімен, Азиядағы позицияларын негізінен сақтап қалды. Мұндай көрсеткіш еліміздің жоғары оқу орындары өңірлік деңгейде әлі де бәсекеге қабілетті екенін көрсеткенімен, жаһандық ғылым мен зерттеу жарысында қарқыны бәсеңдеп келе жатқанын аңғартады.
QS World University Rankings 2027 рейтингінде әлемдік жоғары білім көшбасшылары өзгерген жоқ. Алғашқы бестіктегі орындарды тағы да АҚШ пен Ұлыбритания университеттері иеленді. Бірінші орында – Massachusetts Institute of Technology (MIT). Бұл университетте бір жылдық оқу ақысы 66 720 доллар (31,3 миллион теңге). Екінші орынды Imperial College London мен Stanford University бөлісті. Imperial College London-да шетелдік студенттер үшін оқу ақысы жылына 9 790 фунт стерлингтен (6,22 миллион теңге) басталады. Ал Stanford University-де студенттің бір оқу жылына жұмсайтын жалпы бюджеті 97 545 доллар (45,7 миллион теңге). Оның ішінде оқу ақысы – 67 731 доллар (31,7 миллион теңге), жатын орын мен тамақтануға 22 944 доллар (10,8 миллион теңге), студенттік қызметтерге 2 610 доллар (1,2 миллион теңге), кітаптар мен оқу материалдарына 855 доллар (401 мың теңге), жеке шығындарға 3 405 доллар (1,6 миллион теңге) қарастырылған.
Төртінші сатыдағы University of Oxford университетінде шетелдік студенттердің оқу ақысы мамандыққа қарай 37 380-62 820 фунт стерлинг (23,8-39,9 миллион теңге) аралығында. Ал алғашқы бестікті түйіндеген Harvard University студентіне бір оқу жылына 91 634 доллар (42,9 миллион теңге) қажет.
Осы сомаға оқу ақысы, медициналық қызмет, жатақхана, тамақтану және студенттік қызметтер шығындары кіреді. Қазақстаннан әлемдік ТОП-500 қатарына небәрі үш университет енді. Олар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Satbayev University.

QS World University Rankings 2027 рейтингінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 177-орынға тұрақтады. Бұл былтырғы 166-орынмен салыстырғанда 11 сатыға төмен көрсеткіш. ҚазҰУ бұл орынды Канаданың McMaster University және Ұлыбританияның Queen's University Belfast университеттерімен бөлісіп отыр. Алайда рейтинг көрсеткіштерінің құрылымына қарасақ, айырмашылық айқын байқалады. Мәселен, Queen's University Belfast шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі бойынша өте жоғары нәтижеге қол жеткізсе, әлсіз тұсына ғылыми жарияланымдардың халықаралық дәйексөз индексінің аз болуы себеп болған. Бір оқытушыға шаққандағы ғылыми дәйексөздер көрсеткіші бойынша университет әлі де 801+ санатында қалып отыр.
Ал оқу ақысына келсек, McMaster University-де шетелдік бакалавриат студенттері жылына мамандығына қарай 31–60 мың канада доллары (шамамен 10,2-19,8 миллион теңге) төлейді. Queen's University Belfast-та 2026-2027 оқу жылында оқу ақысы бағдарлама түріне байланысты 22,4-47 мың фунт стерлинг (шамамен 14,2-29,9 миллион теңге) болады
Ал ҚазҰУ-мен бір деңгейде тұрған Тайваньның National Yang Ming Chiao Tung University (NYCU) университетінде оқу ақысы айтарлықтай төмен. Шетелдік студенттер бір семестр үшін кампус пен мамандыққа байланысты 49 540-230 280 тайвань доллары (шамамен 793 мың-3,68 миллион теңге) төлейді.
Бұған қоса, жатақхана, медициналық сақтандыру және тұрмыстық шығындар бөлек есептеледі. Соған қарамастан Азия рейтингінде ҚазҰУ әлдеқайда сенімді көрінеді. QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде университет 38-орынға жайғасып, Қазақстан мен Орталық Азиядағы бірінші университет мәртебесін сақтап қалды. Академиялық беделі, жұмыс берушілер бағасы және оқытушы мен студент арақатынасы бойынша Азиядағы үздік жоғары оқу орындарының қатарында тұр.

Соған қарамастан, ұлттық университет саналатын ҚазҰУ-да оқу құны Қазақстандағы көптеген жекеменшік университеттерден төмен. 2026-2027 оқу жылында бакалавриаттың жылдық оқу ақысы 500 мыңнан 1,9 миллион теңгеге дейін, орташа есеппен 1,2 миллион теңге болады.
Әлемдік рейтингтегі екінші қазақстандық университет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Биыл ол 338-орынға түсіп, бір жыл ішінде 21 сатыға төмендеді. Бірақ Азиядағы жағдай мүлде басқа. QS Asia рейтингінде ЕҰУ 61-орында, ал Орталық Азия бойынша екінші орында қалып отыр.
Әлемдік рейтингке көз жүгіртсек, ЕҰУ-дың алдында Португалияның Universidade Nova de Lisboa Universidade Nova de Lisboa университетінде Еуропалық одаққа кірмейтін елдердің студенттері үшін оқу ақысы бағдарлама түріне қарай 13 000-21 999 еуро (шамамен 8,03-13,59 миллион теңге) аралығында.
Бұған қоса кейбір бағдарламаларда алмасу семестрі, қос диплом немесе CEMS MIM секілді қосымша мүмкіндіктер үшін қосымша ақы қарастырылған.
университеті, ал артында АҚШ-тың беделді Tufts University Tufts University университетінде 2026-2027 оқу жылына студенттің жылдық шығыны тұру түріне қарай 86 932-98 520 доллар (шамамен 40,76-46,20 миллион теңге) аралығында. Оның ішінде оқу ақысы 74 862 доллар (шамамен 35,10 миллион теңге), жатақхана мен тамақтану шығындары бөлек есептеледі. орналасқан. Демек, ЕҰУ әлемнің танымал университеттерімен бір диапазонда тұр. Бірақ ғылыми жарияланымдардың дәйексөз көрсеткіші мұнда да әлсіз. Университеттің бір оқытушыға шаққандағы ғылыми дәйексөз индексі бар болғаны 1,9 ұпай, сондықтан бұл көрсеткіш бойынша тағы да 801+ санатына енген.
Еуразия ұлттық университетінде биыл бакалавриаттың оқу ақысы 1,6–1,9 миллион теңге, орташа құны 1,75 миллион теңге болды. Қазақстанның үшінші университеті – Satbayev University. Қазақстанның үшінші университеті – Satbayev University. Биыл 351-орынға тұрақтап, өткен жылмен салыстырғанда 20 орынға кейін сырғыды. Бірақ Азияда 79-орында қалып, Орталық Азиядағы техникалық университеттер арасында көшбасшылық позициясын сақтады.
Satbayev University әлемдік рейтингте Үндістанның Indian Institute of Technology Guwahati (IIT Guwahati) университетінен кейін, Жапонияның University of Tsukuba университетінен бір саты жоғары тұр.
Satbayev University – ұлттық техникалық университет. Соған қарамастан оқу ақысы Қазақстандағы жетекші университеттердің ішіндегі ең төмендерінің бірі. Биыл студенттер жылына 1-1,3 миллион теңге, орта есеппен 1,15 миллион теңге төлейді.
Әлемдік рейтингтің алғашқы 500 университетінің қатарына енбесе де, Азиядағы алғашқы 500 университеттің қатарында Қазақстанның тағы бірнеше жоғары оқу орны бар. Әлемдік рейтингте 634-орында тұрған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өткен жылмен салыстырғанда алты орын жоғалтқанымен, Азияда 138-орында қалып отыр.
Бұл да ұлттық университет. Оның оқу ақысы 990 мыңнан 1,243 миллион теңгеге дейін, орташа есеппен 1,12 миллион теңге болды. Әлемдік рейтингтің 781-790 тобына кірген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Азияда 161-орында тұр. Бұл мемлекеттік университет. Биыл оқу ақысы мамандыққа қарай шамамен 900 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін жетеді.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (KazNARU) әлемдік рейтингте 781–790 тобында, Азияда 162-орында орналасқан. Ұлттық зерттеу университеті. 2026-2027 оқу жылында оқу ақысы орта есеппен 900 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін белгіленген.
Ал Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті әлемдік рейтингте 851-900 тобында болғанымен, Азияның 184 үздік университетінің қатарына енген. Бұл Қазақстан мен Түркияның бірлескен халықаралық мемлекеттік университеті. Биыл оқу ақысы мамандыққа қарай 850 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін өзгереді.
Азия рейтингіндегі алғашқы 500 университеттің қатарында тұрған Қазақ-Британ техникалық университеті (KBTU) әлемдік рейтингте 1201-1400 тобында ғана. Мұнда, қызығы, ғаламдық рейтингте артта болғанымен, Азияда 251-орында.
KBTU – жекеменшік университет. Сонымен бірге Қазақстандағы ең қымбат жоғары оқу орындарының бірі. Биыл оқу ақысы 1,9-2,5 миллион теңге, орташа құны 2,2 миллион теңге.
Азиядағы 280-орындағы Narxoz University де әлемдік рейтингте тек 1001-1200 тобында. Narxoz – жекеменшік университет. Биыл оқу ақысы 1,38 миллионнан 3,23 миллион теңгеге дейін жетеді. Орташа оқу ақысы 1,85 миллион теңге.
Азия рейтингінде 374-орында тұрған Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті әлемдік рейтингте 1001-1200 тобында. Бұл ұлттық медициналық университет. Биыл оқу ақысы 550 мыңнан 2,4 миллион теңгеге дейін белгіленген. Ең қымбат мамандық – стоматология.
Азия рейтингіне енген, бірақ әлемдік рейтингте төмен тұрған оқу орындарының қатарында Алматы технологиялық университеті (мемлекеттік) де бар.
Ол Азияда 428-орында. Биыл оқу ақысы 920 мыңнан 1,25 миллион теңгеге дейін, бұл Алматыдағы ең қолжетімді университеттердің бірі. Торайғыров университеті Азияда 466-орында, әлемдік рейтингте 1401+ тобында. Бұл мемлекеттік университет. Биыл оқу ақысы шамамен 900 мыңнан 1,4 миллион теңгеге дейін.

Баға мен рейтинг әрдайым қатар жүрмейді
QS рейтингінің нәтижелері тағы бір қызық заңдылықты көрсетті. Қазақстандағы ең қымбат университеттер міндетті түрде ең жоғары рейтингке ие емес. Мысалы, KIMEP University – жекеменшік университет әрі Қазақстандағы ең қымбат оқу орны. Биылғы оқу ақысы 4,9-5,9 миллион теңгеге дейін жетеді. Бірақ ол QS әлемдік рейтингінде жоқ.
Сол сияқты Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет (MNU, бұрынғы ҚазГЗУ) – жекеменшік университет, оқу ақысы 3,3 миллион теңге, алайда әлемдік QS рейтингіне енбеген.
Керісінше, әлемдік рейтингтің алғашқы 200 университетінің қатарына кіретін ҚазҰУ немесе алғашқы 400-дегі Satbayev University сияқты ұлттық университеттердің оқу ақысы жекеменшік университеттерден екі-үш есе арзан.
Яғни Қазақстандағы жоғары білім нарығында оқу ақысының қымбат болуы университеттің халықаралық рейтингте жоғары тұрғанын білдірмейді. Көп жағдайда талапкер брендке, ағылшын тіліндегі білімге немесе жеке сектор ұсынатын инфрақұрылымға төлейді. Ал әлемдік рейтинг университеттің ғылыми әлеуетін, академиялық беделін және халықаралық ықпалын бағалайды. Дәл осы екі өлшем Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде әзірге бір-бірімен қабыса қойған жоқ.
Жалпы алғанда, Қазақстанның Азиядағы алғашқы 500 университеті қатарына ҚБТУ (251), Narxoz University (280), С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ (285), Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚТУ (311), Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (328), Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (374), Алматы технологиялық университеті (428), Торайғыров университеті (466), SDU University (547) және басқа да бірқатар оқу орындары енді. Яғни өңірлік деңгейде Қазақстан университеттері әлі де мықты ойыншылар қатарында.
Алайда әлемдік рейтингтің жалпы көрінісі басқа нәрсені көрсетеді. Қазақстан университеттері ең жоғары ұпайды бұрынғыдай оқытушы мен студент арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы бедел және халықаралық студенттер үлесі бойынша жинайды. Бірақ ғылыми жарияланымдардың халықаралық дәйексөз көрсеткіші бірнеше жылдан бері өзгермей келеді. Дәл осы индикатор әлемнің жетекші университеттерін алға шығарып отыр.
QS сарапшыларының өзі биылғы рейтингтің басты үрдісі ретінде Қытай университеттерінің қарқынды дамуын атап өтті. Биыл Қытайдың 29 университеті бірден 20 және одан да көп сатыға көтерілген. Олар халықаралық зерттеу, ғылыми жарияланымдардың сапасы мен дәйексөздерін арттыру арқылы алға шықты.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады