Ақтөбелік келіншек өтірік жүкті болып, жұмыс берушісінен 900 мың теңге алған
Ақтөбеде мұнай компанияларының бірінде жұмыс істейтін келіншек өтірік жүкті болып, төлемақы алып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбеде мұнай компаниясында жұмыс істейтін келіншек жалған құжат жасату арқылы өзінің жүкті екенін айтып жұмыс берушісін алдаған. Ол осы арқылы жеңілірек жұмысқа ауысып, кейін декретке шығып, компаниядан 900 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлем алыпты.
Алматы ауданы прокуроры Жасұлан Дәулембековтің айтуынша, қазір келіншектің үстінен тергеу жұмыстары басталған. Ол жалған құжат жасаған медицина қызметкерлері де жауапқа тартылатынын айтады.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”