AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғарда жас жігітті көлігімен қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Талғар қаласында 18 жастағы жаяу жүргіншіні көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізушінің видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кадрдан күдікті адам қаққаннан кейін тоқтамай, оқиға орнынан кетіп қалғанын көруге болады.

Желі қолданушылары оқиғаның Талғар қаласы Менделеев көшесінде болғанын жазды.

"Жігіт жарық қосылмаған көшенің жол жиегімен жүріп келе жатқан. Кінәлі оқиға орнынан қашып кетті. Оның жанында тағы екі жолаушы болды. Сынған алдыңғы әйнекті шығарып, Қарасай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласына тастап, белгісіз бағытқа қашып кеткен", - деп жазылған видео сипаттамасында.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 25 қазан сағат 20.30-да Талғарда болған. Көлік жүргізушісі Менделеев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқанда асфальт жиегімен келе жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соққы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факт Талғар аудандық полициясында қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тіркелді.

Қазір күдікті ұсталды.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр