Ұйықтап жатқан бойжеткеннің телефоны өртеніп, беті күйіп қалды
Англияның Бирмингем қаласында телефоны зарядка өртеніп, қыздың беті күйіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BirminghamLive-ке сілтеме жасап.

17 жастағы Эми Холл (Amie Hall) телефонын төсектің жанына қуаттағышқа қосып, ұйықтап қалды. Көп ұзамай қуаттағыш жанып, жалын көрпеге тиген. Нәтижесінде қыздың беті күйіп қалды.
"Телефонымды қуаттағышқа қойғаннан кейін ұйқтап қалдым. Қызыл жалынды көріп ояндым. Тұрсам, бетім күйіп қалыпты. Бірден анамды көмекке шақырдым", - дейді қыз.
Анасы өртті сөндірген. Артынша құтқарушылар шақырыпты. Қазір отбасы телефонды өндірушіге сұраныс жіберді. Алайда өрт қуаттандырғыш құралдан шыққаны анықталды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған