Ақтауда мас күйінде көшеде ұйықтап жатқан азаматтың қалтасынан 5 миллион теңге табылды
Ақтауда көшеде ұйықтап жатқан азаматтан 5 миллион теңге табылды. Ер адамның ұйықтап жатқанын учаскелік полицей байқап қалған.

Оқиға 24 қаңтарда Ақтау қаласының бесінші шағын ауданында болды.
«Үйлердің бірінің жанында учаскелік инспектор мас адамның ұйықтап жатқанын анықтады. Ер адамның өзімен бірге бірнеше бума ақшасы болған. Мұрат Мақсат ер адамды оятып, қауіпсіз пунктіге жеткізді. Ер адам көлігін сатып, содан кейін достарымен атап өткен», - деп жазады Лада.
Туыстары бұл адамды алып кетті, бірақ мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасалды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған