Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында тағы да 9 оқушы коронавирус жұқтырды

Павлодар облысының тоғыз оқушысына коронавирус диагнозы қойылды. Олардың төртеуі кезекші сыныпқа барады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.

Шарбақты ауданы Алексеевская орта мектебінде коронавирус бастапқыда бір балада расталды. Оқушы коронавируспен ауырған адаммен байланысты болған. Санитарлық дәрігерлер баламен байланыста болған 44 адамды анықтады, нәтижесінде тағы үш балаға COVID-19 диагнозы қойылды. Ешкімде ауру белгілері байқалмаған.

"Баланың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ, ауру симптомсыз. 16 қыркүйекте бала оқудан шеттетілді, үй карантинінде. Мектепте жедел тергеу басталды, эпидемияға қарсы іс-шаралар жасалып жатыр. Жоспардан тыс тексеру жүргіщіледі", - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

Алексеевкадағы мектеп белгісіз мерзімге жабылды. Шешім эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін қабылданады.



Санитарлық дәрігер аймақта тағы бес баланың коронавирусты жұқтырғаны туралы айтты. Коронавирус анықталған үш бала кезекші сыныпта оқыған. Павлодар мектептерінде, біреуі Ақсу қаласында, екіншісі ауданда анықталды. Бұл оқушылар қашықтықтан білім алды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мектептерде және бір балабақшада инфекция анықталғанын айтқан болатын. 

Талқылау