Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстандағы балабақшадан коронавирус анықталды

Сотүстік Қазақстан облысында тағы 12 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

"Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде 12 балада коронавирус инфекциясы тіркелді. Вирус 8 білім беру мекемесі мен бір балабақшада анықталды. Мекемелерде барлық эпидемиологиялық шаралар жасалуда. Байланыста болғандардың барлығы үй карантиніне жатқызылды", - дейді Қожахметов.

Сонымен қатар, Қожахметов жалпы есепте Қазақстан бойынша кезекші сыныптарға барып жүрген 16 бала вирус жұқтырғанын айтты.

"Қазақстанның екі өңірінде, бірнеше мектеп пен бір балабақшадан коронавирус табылды. Жалпы 16 бала. Мектептер мен балабақша жабылды. Барлығы тест тапсырып жатыр", - дейді Қожахметов.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да кезекші сыныпқа барып жүрген төрт оқушы коронавирус жұқтырғаны анықталған.

Талқылау