Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да кезекші сыныпқа барып жүрген төрт оқушы коронавирус жұқтырды

Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпқа барып жүрген төрт оқушыда коронавирус анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінен хабарлады.

"1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Бұл Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы", - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір облыста екі сынып пен бір мектеп 14 күндік карантинге жабылды. COVID-19 вирусы анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы және дезинфекциялау шаралары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Парыгино ауылында кезекші сынып оқушысын жұқтырған алғашқы жағдай анықталғаны хабарланған болатын. Екінші сынып оқушысында вирустық инфекция белгілері байқалды. Жүргізілген ПТР анализі оң нәтиже берді. 

Талқылау