Қазақстанда кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталды
Шығыс Қазақстан облысының ауыл мектептерінің бірінде коронавирус жұқтырған оқушы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.

Қожахметовтың айтуынша, екінші сынып оқушысы ауырып қалған.
"14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгина кентінде кезекші сынып оқушысының коронавирус жұқтырғаны анықталды. Баланың анасы - мұғалім. Бірінші күні температура 37 градусқа көтеріліп, вирустың барлық белгілері барын анықтадық. ПТР талдауы оң нәтиже берді", - деді Кожахметов.
Оның айтуынша, қазір бала үйде емделуде, жағдайы қанағаттанарлық.
"Ол оқитын сыныпта барлығы 12 бала бар. Олардың барлығы, соның ішінде мұғалімдер мен басқа да байланысқа түскен адамдарды тексереді", - деді ол.
- Қазақстанда екінші тоқсанда мектептер ашыла ма: Денсаулық сақтау министрі жауап берді
- Алматыда 3-4 сынып оқушыларына кезекші сыныптарға баруға рұқсат етілді
Естеріңізге сала кетейік, қазір мектептерде тек ата-аналардың өтініші бойынша төменгі сынып оқушылары, сондай-ақ шағын комплексті мектеп оқушылары сабақты жалғастыруда.
Жаңа Конституция күшіне енеді, самокаттардың жүруіне шектеу қойылады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Сейсмикалық, сел және көшкін қаупі сияқты табиғи тәуекелдерге ерекше көңіл бөлінеді
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті
Күтуші балаларды тоқтатпаған және бұлай ойнауға болмайтынын түсіндірмеген