Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 3-4 сынып оқушыларына кезекші сыныптарға баруға рұқсат етілді

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

оқушылар

Құжатқа сәйкес, бұрынғы қаулыға өзгерістер енгізілді.

Мәселен, мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды. Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Талқылау