Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады – Министр Сауранбаев

аэропорт терминал
Фото: magnific.com

Астанада жаңа әуежай салынады. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевнің айтуынша, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Сонымен қатар алдағы үш жылда елдегі әуежайлар жаңғыртылып, теміржол және автожол инфрақұрылымын ауқымды жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президенттің елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда теміржол желілерінің, автожолдар мен авиахабтардың ауқымды құрылысы жүргізіліп жатыр.

Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылы басталатынын айтты. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елорда әкімдігі құрылысқа қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның сөзінше, Астана әуежайын жаңғырту ведомствоның басым міндеттерінің бірі.

Сондай-ақ Нұрлан Сауранбаев алдағы үш жыл ішінде Қазақстандағы әуежай инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жоспарланғанын айтты.

Оның мәліметінше, бүгінде авиациялық хабтарды дамыту жұмыстары еліміздің алты ірі әуежайында Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларында шоғырланған. Осы мақсатта қажетті институционалдық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасалып жатыр. Өзгерістер басқа бағыттарға да әсер етеді. Автожол саласында 10 мың шақырым жол жөндеумен қамтылады. Сонымен қатар көлемнің жартысы кестеден бұрын орындалды.

Аэрохабтарды дамыту жұмысы 6 ірі аэропорттарға бағытталға. Осы ретте Астана әуежайын жаңғырту басымдыққа айналып, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.

"Жүк авиациясын дамыту еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтеді, сондай-ақ халықаралық логистикаға қосуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекет тарапынан қажетті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар жүк авиациясын дамытуға арналған 5 жылдық жоспар әзірленді", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде биіктен ірі желдету құбырлары үзіліп түсіп, жолаушылардың жанына құлаған. Оқиғадан кейін қала әкімдігі жоспардан тыс тексеру басталғанын, ал оның қорытындысы бойынша жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген еді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 01 Шілде, 2026 11:43