Түркістан облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті (видео)
Түркістан облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, оқиға 16 маусым күні Шиелі – Түркістан аралығындағы учаскеде болған. Саратов – Алматы бағыты бойынша қатынайтын №7/8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен.
"Оқиғаның салдарын жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберілді", – делінген хабарламада.
Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғаны, алайда олардың көмектен бас тартқаны атап өтілді. Жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз тағайындалып, жолаушыларды отырғызу және жөнелту жедел ұйымдастырылған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жолаушылар пойызы тозып жатқанын министрдің өзі мойындаған еді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?
