Қазақстанда жолаушылар пойызы тозып жатқанын министрдің өзі мойындады

Қазақстанда жүргізіліп жатқан жаңғырту шараларына қарамастан, жолаушылар вагондары тозып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
“Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, вагондардың тозу деңгейі әлі де айтарлықтай жоғары. Қазір жүк вагондары 54%, локомотивтер 52%, ал жолаушылар вагондарын 42% тозған”, – деді министр.
Осыған байланысты министрлік отандық өндірушілерден жылжымалы құрамды басымдықпен сатып алу тетіктерін пысықтайды.
“Бүгінде отандық өндірушілерден “Қазақстан темір жолы” компаниясы үшін вагондар мен жартылай вагондар сатып алуға берілетін пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бөлінген қаражат көлемі қолданыстағы қажеттіліктен едәуір төмен. Осыған орай, аталған мақсаттарға жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселесін қарастыру қажет”, – деді министр.
Сонымен қатар ведомство қолданыстағы өндіріс орындарының тұрақты жүктемесін қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасауды жоспарлап отыр. Бұл отандық кәсіпорындардың өніміне тұрақты әрі болжамды сұраныс қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау – Семей бағытындағы №37 пойыз жолаушылары вагонда тарақандар жүргеніне шағымданғаны туралы жазған едік.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Оқыңыз