Ерлерге жатырға арналған ота жасаған: Екі емхана МӘМС қаражатының жүздеген миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді

Маңғыстау облысында екі жекеменшік медициналық клиниканың басшылығы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінді. Мемлекетке келтірілген залал көлемі – 221 миллион теңгеден астам. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі жекеменшік клиниканың басшылығына қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
"ИБН СИНА" және "SOFIE MED GROUP" медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған "варикоцеле" диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның – "кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы" қызмет кодын көрсеткен”, – делінген тергеу деректерінде.
Салдарынан 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар 19 науқас аталған клиникаларға мүлдем жүгінбеген.
ОқыңызМемлекетке келтірілген залал сомасы 221 млн теңгеден асты. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жалған медициналық қызметтерге қатысты пікір білдірген еді. Сол кезде ол ер адамдарға жасалған жатыр мойны обырына скрининг секілді фактілерге жұмсалған қаражаттың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебіне қайтарылып-қайтарылмайтынын айтқан.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді