Қазақстанда BYD гибрид көлігін сатып алғандар қосымша кедендік баж салығын төлеуі керек

Қазақстанда BYD Destroyer 05 көлігін сатып алған жүздеген азаматқа қосымша кедендік баж салығын төлеу міндеттелді. Себебі тексеріс кезінде бұл көліктердің бір бөлігі кеденде қате рәсімделгені анықталып, енді иелері 15 пайыздық баж салығын қосымша төлеуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда BYD Destroyer 05 көлігін мінген жүздеген адамға қосымша кедендік баж салығы есептелді. Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, тексеріс барысында 563 гибридті BYD Destroyer 05 көлігінің бір бөлігі кеденде нөлдік баж мөлшерлемесі қолданылатын кодпен рәсімделгені анықталған.
Алайда техникалық сипаттамалары қайта нақтыланғаннан кейін бұл көліктерге 15 пайыздық кедендік баж салығы төленуі тиіс екені белгілі болды.
ОқыңызОсыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті 421 импорттаушыға қосымша төлем туралы хабарлама жолдады. Қазір 55 көліктің иесі бюджетке жалпы 53 миллион теңге төлеп үлгерген.
Егер белгіленген мерзімде төлем жасалмаса, салық органдары банк шоттары бойынша шығыс операцияларын уақытша тоқтатуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың Ухань қаласында Apollo Go роботаксилерінің жүйелік ақауынан жүздеген жүргізушісіз көлік көшенің ортасында тоқтап қалған еді. Оқиға салдарынан жол қозғалысы қиындап, бірнеше жеңіл соқтығыс тіркелген. Полиция зардап шеккендер болмағанын мәлімдеді. Кейін компания ақауды жою жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның нақты себебі тексеріліп жатқанын хабарлаған.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді