Теміртауда толассыз жауған жаңбырдан соң көшелерді су басты
Теміртауда жаңбыр жауып, қаланың кей көшелерінде үлкен шалшықтар пайда болды. Тұрғындар қолайсыз ауа райының салдарын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттіігі хабарлайды.
Желі қолданушылары Теміртаудың әр ауданынан түсірілген видеоларды бөліскен.

Кадрдан кей учаскелерде жиналған судың көлік қозғалысына кедергі келтіргені өрінеді. Тұрғындардың айтуынша, қолайсыз ауа райының салдары қаланың бірнеше бөлігінде байқалған.
“Қалыптасқан жағдайдың арасында жақсы сәттер де бар. Видеодан тұрғындардың бір-біріне көмектесіп жатқанын көруге болады. Бірі су басқан жерден шығуға көмектессе, енді бірі көліктерді сүйреп, қауіпсіз жерге шығаруға жәрдемдесіп жатыр”, – деп жазды жарияланым авторларының бірі.
Теміртау әкімдігі жаңбырдан кейін қаланың жекелеген учаскелерінде жиналған су толықтай тартылғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басқаны туралы жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған