Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран санкциялар алынып, 12 млрд доллар активі бұғаттан шығарылса, Ормузды 7 күнде ашуға дайын

бұғаз
Фото: virtualjerusalem

Иран АҚШ-қа делдалдар арқылы Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қайта жандандыруға қатысты жаңа жеті күндік жоспар ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бастама туралы елдің сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мәлімдеді.

“Қажет шарттар орындалса, бұғаз қайта ашылып, қалыпты кеме қатынасын жеті күн ішінде қалпына келтіруге болады”, – деді ол.

Иран тарапының, The Financial Times және The Washington Post басылымдарының жазуынша, жеті күндік мерзім АҚШ-қа ұсынылған меморандум қабылдағаннан кейінгі күннен бастап есептеледі.

Десе де Трамп Иранның Ормуз бұғазына қатысты ұсынысын қабылдамады.  Сонымен қатар ол қарашада өтетін аралық сайлаудан кейін Иранды бомбалау қайта басталуы мүмкін екенін айтқан. Мұны The Wall Street Journal америкалық аты-жөнін атамаған шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, Трамп бомбалаудың қайта басталуын әбден ықтимал деп санайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін Иран Вашингтон бірқатар талаптарды орындаған жағдайда Ормуз бұғазын жетінші күннің соңына дейін толық ашуға дайын екені хабарланған еді. 

Иранның негізгі талаптары:

  • Әскери қимылдарды тоқтату. Өңірдегі, соның ішінде Ливандағы белсенді әскери әрекеттерді толық тоқтату;
  • Блокаданы тоқтату. АҚШ-тың Иран порттары мен танкерлеріне қатысты әскери-теңіз блокадасын тоқтатуы;
  • Қаржылық шектеулерді жеңілдету. Иранның шетелдегі, кемінде 12 миллиард доллар деп бағаланатын бұғатталған банк активтерін босату;
  • Мұнай санкцияларын алып тастау. Иран мұнайының экспортына салынған АҚШ шектеулерін жою.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен Иран шабуылды қайта бастап, Сауд Арабиясы да Ирактағы қарулы топтарға қарсы соққы жасаған еді. АҚШ әскери қолбасшылығы мұны "кенеттен жасалған шабуыл әрекеті" деп бағалап, барлық зымыранның әуеде жойылғанын мәлімдеді.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 26 Қыркүйек, 2026 07:28