"Нөсер жаңбыр, бұршақ пен найзағай": Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қалай болатынын болжады

Қазгидромет еліміз бойынша 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері циклон ықпалынан ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Республика бойынша желдің күшеюі 15–20 м/с-қа дейін жетеді. 2–3 шілдеде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы:
- батыс пен оңтүстік-батыста +31…+38°C-қа дейін жоғарылайды.
- солтүстік-батыста +27…+35°C болады.
- елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы +18…+28°C-қа дейін төмендейді.
- республиканың шығысында аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +30…+37°C болады.
- Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының жайлы деңгейі +25…+35°C аралығында күтіледі.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді
Оқыңыз